Атырауда балалар үйінен асырап алынған қызды аз жәрдемақы төлейді деп қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда балалар үйінен асырап алынған қызды аз жәрдемақы төлейді деп қайтарды

Атырауда балалар үйінен асырап алынған қызды аз жәрдемақы төлейді деп қайтарды

Қыз бала туғанынан балалар үйінде тәрбиеленген.

  • 28 Мамыр 2018
  • 158
Фото - Caravan.kz

Атыраудағы "Шаңырақ" отбасылық түрдегі балалар ауылының тәрбиеленушісін асырап алған Ақтау тұрғыны бала асырап алғаны үшін берілетін ай сайынғы жәрдемақы көлеміне көңілі толмай баланы алған жеріне қайтып әкеліп тастады, деп хабарлайды Today.kz  ATPress.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Шаңырақтың" директоры Гүлсара Ботатаеваның сөзінше, қыз бала туғанынан балалар үйінде тәрбиеленген. Бірнеше уақыттан соң балалар ауылының қызметкерлері қыздың туған әжесін тауып алып, немересін үйіне алып кетуіне көндірген. 

Мамандар әжеге немересін бағуға рұқсат беретін құжаттарды жасасқан. Сөйтіп әжесі немересін отбасына алып келген. 

Бірақ қыз ол үйде тұрып жарытпады. Әжесі бала асырап алғаны үшін берілетін айлықты бірінші рет алғанда қызды балалар үйіне қайтарып берген. Әжесінің сөзінше, жәрдемақы көлемі өте аз. 

"Қыз баланың жүйкесі жараланды, ол қатты жылады. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр", – деді балалар ауласының директоры. 


Оқиғаның мән-жайы анықталғанша бала кәмелетке толмаған балаларға арналған бейімделу орталығында болады. 

Оқи отырыңыз:

Астанада қайырымдылық марафонына жеті мыңнан астам адам қатысты 

Күнәсіз емеспіз: Шоу-бизнес жұлдыздары не үшін ораза ұстайтындарын айтты
 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар