Атырауда бір түн ішінде екі "Mersedes" маркалы көлігі ұрланған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда бір түн ішінде екі "Mersedes" маркалы көлігі ұрланған

Атырауда бір түн ішінде екі "Mersedes" маркалы көлігі ұрланған

Атырауда бір түн ішінде 2 мерседес көлік ұрланған

  • 30 Наурыз 2018
  • 18
Фото - Caravan.kz

Атырау қаласының тұрғындары бір тәулік ішінде 2 рет көлік ұрлау ісі бойынша тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Today.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап. 

Қала тұрғыны таңертең "Mersedes A 160" маркалы көлігінің "Авангард" шағын ауданында жоғалғанын айтып Ішкі істер қызметкерлеріне хабарласқан. Біраз уақыттан кейін қызметкерлердің оперативті қызметі арқасында көлікті "Черная речка" шағын ауданынан тапқан. 

Дәл сол күні екінші "Mersedes"  жеңіл көлігі ұрланған. Ішкі істер департаментінің қызметкерлері қылмыскерді бірден құрықтаған. 

"Екі оқиғаға қатысты 2 күдікті ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр", – деп хабарлады Атырау облыстық Ішкі  істер департаментінің баспасөз қызметі. 


Айта кету керек, жыл басынан бері облыста 12 көлік ұрлау фактісі тіркеліп, 11 көлік табылған. 

Ұқсас тақырып:

Алматыда қымбат көліктерді тонаумен айналысқан тараздық жас жігіт ұсталды

 

 

Соңғы жаңалықтар