Атырауда бұрынғы премьер-министр Балғымбаев қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда бұрынғы  премьер-министр Балғымбаев қайтыс болды

Атырауда бұрынғы премьер-министр Балғымбаев қайтыс болды

Нұрлан Балғымбаев бақилық болды. 68 жастағы Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Атырауда көз жұмған. Марқұм көптен бері сырқаттанып жүрген екен.

  • 15 Қазан 2015
  • 356
Фото - Caravan.kz

Нұрлан Өтепұлы танымал мемлекет қайраткері және мұнайшы. Еңбек жолын қарапайым бұрғылаушының көмекшісінен бастаған. Кейін Мұнай және газ министрі, «Қазақойлдың» президенті, Елбасының кеңесшісі қызметтерін атқарды.  Ал, 1997-1999 жылдары Министрлер кабинетіне жетекшілік еткен. Премьер ретінде Балғымбаев отандық тауарларға ерекше қолдау көрсетіп есте қалды. Сондай-ақ, Балғымбаев — мұнай және газ өнеркәсібін дамытуға, еліміздегі қазба байлықтарды  тиімді пайдалануға бар күш-жігерін салған азамат. Марқұм соңғы уақытта «ҚазМұнайГазға» тиесілі компаниялардың бірін басқарған. 

Соңғы жаңалықтар