Атырауда бүтін бір отбасының 5 мүшесі газға тұншығып өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда бүтін бір отбасының 5 мүшесі газға тұншығып өлді

Атырауда бүтін бір отбасының 5 мүшесі газға тұншығып өлді

Атырауда бес бірдей адам газға тұншығып өлді. Арасында жасқа енді толған сәби бар. Марқұмдардың барлығы Өзбекстаннан келген қандастар.

  • 8 Қараша 2013
  • 296
Фото - Caravan.kz

Бала-келін, қыз-күйеу мен кішкентай жиендері Атырауда тұратын ата-аналарына екі күн бұрын ғана қыдырып келген екен. Барлығы төменгі қабаттағы мына бөлмеде жатыпты. Ағайын-туыстың айтуынша, күн салқын болғандықтан, қонақтар газды барынша ашып қойған. Таң ата сол пещтегі ақаудан түтін ішке жиналып, қонақтар тұншығып өлген. Опат болғандардың ең үлкені 23-те болса, ең кішісі 1 жарым жасар сәби. Қазір марқұмдардың атыраулық туыстары мәйіттерді Өзбекстанға жеткізу жағын қарастырып жатыр.


Тұрақал Ғалымжанова, туысы:

Бала келіні, немересіен, қыз-күйеуі, 5 адам, таңертең шешелері оятуға келгенде келгенде сондай болған. Жүріп кеткен. Үйдің іші түтін болған. Газ болғанда бәріміз кететін едік.