Атырауда дін заңнамасын бұзғандарға 1 млн теңге айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда дін заңнамасын бұзғандарға 1 млн теңге айыппұл салынды

Атырауда дін заңнамасын бұзғандарға 1 млн теңге айыппұл салынды

Атырауда діни бағыттағы заңдылықты бұзғандарға 1 млн теңге айыппұл салынды.

  • 13 Қыркүйек 2022
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, діни тұрғыдағы құқық бұзушылықтың 43 дерегі анықталған.

«Биылғы жыл басынан бері облыстық дін істері басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, әлеуметтік желілерде заңсыз діни материалдардың таралуының алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде діни саладағы әкімшілік құқық бұзушылықтың 43 дерегі тіркелді. Анықталған әкімшілік құқықбұзушылық жасаған адамдарға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 453-бабымен (БАҚ құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату фактісі) және 490-бабымен (Қазақстан Республикасында діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылды», -деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері жинақталған іс-құжат Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолдады. Сот шемімімен заң бұзушыларға 1 млн-нан астам теңгені құраған айыппұл салынды.


Еске сала кетелік, Атырауда ұрлық жасаған деструктивті діни ағым өкілі 4 жылға сотталғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар