Алтынбек Ғұбайдуллин осындай кезекті клиенттен 250 мың теңге мен 3 келі қара уылдырық алып жатқан жерінде құрықталды. Айта кетейік, Исатай ауданы балық аулаумен аты шыққан өңір. Әсіресе осындағы Жанбай ауылында браконьерлердің «қамқоршылары» мен құқық қорғау органдары өкілдерінің арасында текетірес жиі болып тұрады. Табиғат қаскөйлері соңғы уақытта тым еркінсіп кеткен болатын. Онысы бекер емес екен. Бекірені тонналап аулап жүргендер Ішкі істер бөлімі бастығының өзіне арқа сүйеген. Енді шенді полицей біраз жыл бостандықты ұмытатын болады.