Атырауда кәсіпкерлер жобасына 28 млрд теңге несие берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда кәсіпкерлер жобасына 28 млрд теңге несие берілді

Атырауда кәсіпкерлер жобасына 28 млрд теңге несие берілді

Атырау облысында 453 кәсіпкердің жобасына 28 млрд 600 млн теңге несие берілді.

  • 17 Ақпан 2021
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, пандемия ушыққан кезде​ шағын және орта бизнестің 22 мыңнан астам субъектісіне салықтық жеңілдіктер берілген. Ал ​ 5 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі көмек алған.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде 453 кәсіпкер жобасын іске асыру үшін 28 млрд 600 млн теңгеге несие алған. Кәсіпкерлер өз жобалары арқылы 670 жаңа жұмыс орнын ашады», — деді Махамбет Досмұхамбетов.

​Еске сала кетелік,
бұдан бұрын
Атырау облысында кәсіпкерлік нысандарының саны 50 мыңнан асқанын хабарлаған болатынбыз.