Атырауда көп қабатты үй өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда көп қабатты үй өртенді

Атырауда көп қабатты үй өртенді

Атырауда көп қабатты үйдегі пәтер өртеніп, оқиға орнынан 35 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

  • 5 Қаңтар 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

4 қаңтар күні сағат 10:43-те құтқару қызметіне Датұлы көшесіндегі бес қабатты үй жанып жатыр деген хабар түскен.

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер жалынның 5-ші қабаттағы пәтерде тұтанғанын көрген. Ең алдымен осы үйде тұратын 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның ішінде сегізі – балалар. Сонымен бірге бесінші қабаттағы 1981 жылы туған ер адам автосаты арқылы құтқарылды. Қолданылған шаралардың арқасында 5 шаршы метр аумақтағы өрт сағат 11:03-те сөндірілді, — делінген хабарламада.



Тілсіз жаудың себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 10 адам және 3 техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар