Департементтен хабарлағандай, осы істердің нәтижесі бойынша «Атырау Жарық» энергетикалық компаниясы мен сумен қамтамасыз етуші «Атырау Су Арнасына» жалпы соммасы 20 млн. 582 мың 091 теңге болатын айыппұл салынды.
«Департамент 2013 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Атырау қаласының тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз ету бойынша қызметтің сапасына қатысты түскен шағымдарға байланысты кезектен тыс екі тексеру жұмыстарын жүргізді. Шағым тұрғындардың пайдасына шешілді. Аталған заң бұзушылықтар бойынша қолға алынған шаралар заңнама талаптарын сақтауда табиғи монополия субъектілерін тәртіпке шақыруға ғана емес, сонымен бірге, тұтынушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және жаңа заңбұзушылықтарды ескертіп отыруға шақырады», — деп хабарлады ведомстводан.
Басты сөздер: Атырау облысы , ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі