Атырауда Орал өзеніне бекіре тұқымдас 3,5 млн. шабақ жіберілді
Атыраудағы Орал өзеніне бекіре тұқымдас балық өсіретін зауыт тоғанынан алынған бекіре тұқымдас 3,5 млн. шабақ жіберілді. Атырау бекіре тұқымдас балық зауытының директоры Рашидин Қалидулиннің хабарлағанындай, шабақтардың жасы 45 тәулік, салмақтары 12-14 грамм. Алдағы уақытта Орал өзеніне жасанды тоғандарда өсірілген тағы 3,5 млн. шабақ жіберіледі. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін