Атырауда полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Атырауда полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Атырауда прокуратура билігін және лауазымдық уәкілеттігін арттырды деп күдік келтірілген полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғады.

  • 29 Қазан 2013
  • 337
Фото - Caravan.kz

Әзірге полицейлердің аты-жөндері аталмауда. Бірақ, қылмыстық іс 16 тамыз күні Атырау қаласы мейрамханаларының біріне полицейлер бұзып-жара кіріп, қарсылық көрсетті деген желеумен 15 адамды ұстап алып кеткен оқиға бойынша қозғалғаны белгілі.

Мейрамхана қызметкерлері ғана емес, оған келушілер де ұсталған. Іштерінде бірнеше тәулікке қамалғандары да бар. Облыстық ІІД ұстау фактісін мейрамхана қызметкерлерінің үстінен бірнеше рет шағым келіп түскенімен түсіндірген. Ал мейрамхана басшылығы полицейлерді мекеменің қызмет көрсетуін пайдаланғысы келген деп айыптап, ҰҚК, «Нұр Отан» партиясына шағымданды.


Қалалық прокуратура бөлімінің бастығы Нұржан Жангереевтің сөзіне қарағанда, прокуратура полицейлердің іс-әрекетін заңсыз деп санап, қылмыстық іс қозғады.