Атырауда прокурордың көмекшісі әріптестерінің алдында өзін-өзі өртеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда прокурордың көмекшісі әріптестерінің алдында өзін-өзі өртеді

Атырауда прокурордың көмекшісі әріптестерінің алдында өзін-өзі өртеді

37 жастағы Смадьярова 2016 жылдың тамызынан бастап үй қамағына алынған болатын. Ол қамауға алынған және тергеу изоляторларындағы сотталған адамдардың , қылмыстық жазаны өтеушілердің құқығының сақталуын бақылау саласында жұмыс істеген.

Қазір оның ісіне қатысты сот өтіп жатыр. Оған ҚР ҚК-нің 366-бабы бойынша («Пара алу») кінә артылып отыр. Біздің мәліметіміз бойынша, ол өзіне жалпы көлемі 3 млн теңге алды деп тағылған айыптармен келіспейді (яғни, бұл соманы оғ

  • 1 Ақпан 2017
  • 489
Фото - Caravan.kz

Қазір оның ісіне қатысты сот өтіп жатыр. Оған ҚР ҚК-нің 366-бабы бойынша («Пара алу») кінә артылып отыр. Біздің мәліметіміз бойынша, ол өзіне жалпы көлемі 3 млн теңге алды деп тағылған айыптармен келіспейді (яғни, бұл соманы оған екі бөліп берген-мыс, әуелі бір миллион теңге, келесі кездескенше тағы екі миллион теңге).

Біздің дереккөздеріміздің бірі Смадьярова басындағы жағдайына осындай жолмен өзіне назар аударту үшін өзін өртеген. Айтуынша, ол пара алмаған және оған ол қылмыстық жауапкершілікке тартқан адамдар жала жауып отыр.
«Куәгерлердің жауабынан басқа ешқандай дәлелдер жоқ, барлық айып дәлелсіз. Бірақ, ешкім де тексергісі келмейді, мәселенің байыбына бармай отыр»,-дейді оны жақтаушылардың бірі.

Смадьярова беті мен тізесін термиялық күйік шалып, күндізгі сағат бірге жақын облыстық аурухананың қабылдау бөліміне түсті. Оның жағдайын дәрігерлер «ауыр емес» деп бағалап отыр, ол қазір есін біледі екен.


– Ол жан сақтау бөліміне орналастырылды ма?

Жоқ, әзір ешкіммен сөйлескісі келмейтін пациенттің моралдық жағдайын ескеріп, біз оны уақытша оқшауладық, – деді облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Алуадин Нұрбердиев.

Есте болса, 2009 жылы мамырда Атырау облысы прокуратурасы ғимаратының кіреберісінде Ақжар поселкесінің 52 жастағы тұрғыны Қабидолла Шолақов 18 жастағы ұлына қатысты тергеудің қорытындыларына қарсы наразылық белгісі ретінде өзін-өзі өртеп жіберген болатын. Қабидолла Шолақов алған күйіктерден ауруханада көз жұмды, ал оның ұлын сот кейін ақтады.

Соңғы жаңалықтар