«Норт Каспиан Оперейтинг Компании» компаниясының мамандары қоғамдық тыңдауда берген ақпаратына қарағанда, Қашаған мұнайы тазартудан өткізілетін «Болашақ» зауытында түйіршіктелген және қабыршақты күкірт шығаратын қондырғылар орнатады. Ілеспелі газдан бөлінген күкірт жабық блоктарда сақталады. Сол жерден оны өңдеуге жібереді.
Сатуға арналған күкірт шығару қондырғысының күндізгі қуаттылығы — 4,5 мың тонна.