Атырауда шағын аудандардың бірінде ауаға газ тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда шағын аудандардың бірінде ауаға газ тарады

Атырауда шағын аудандардың бірінде ауаға газ тарады

Атырауда «Самал» шағынауданында бірнеше сағат бұрын ауаға газ тараған. Тұрғындардың көпшілігі оның иісін сезген.

  • 15 Қазан 2015
  • 303
Фото - Caravan.kz


«Алдын ала мәліметтер бойынша өткен тәулікте сағат 21.00-де газды пайдаланудың артуына байланысты газбен жабдықтау режімінің ағымы өзгерді. Режімнің жоғарыдан төменге дейін ауытқуынан бүкіл жүйе бойынша төмендеу байқалды. Режімді қалпына келтіру кезінде атмосфераға газ тарады. Қазіргі кезде олқылықтарды жою жұмыстарымен 12 маман айналысуда, 5 техника тартылды. Атмосфераға тараған газдың нақты көлемі әзірге анықталған жоқ», — деп хабарлады «УМГ Интергаз — Центральная Азия» АҚ пайдалану қызметінің бастығы Андрей Нарыжный.

Соңғы жаңалықтар