Атырауда тасбақалар мен жыландар көлікке тапталып қырылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда тасбақалар мен жыландар көлікке тапталып қырылып жатыр

Атырауда тасбақалар мен жыландар көлікке тапталып қырылып жатыр

Атырауда тасбақалар мен жыландар көлікке тапталып қырылып жатыр. Солтүстік Каспийдегі экологиялық базаға апаратын жолмен көптеген жануарлар мен бауырымен жорғалаушылардың миграциясы өтеді. Бірақ, бордюрге өрмелеп, жолдың үстіне шыққан жәндіктер қарсы бетке жете алмай, өлексеге айналуда.

  • 26 Қыркүйек 2013
  • 308
Фото - Caravan.kz


Ұзындығы 5 шақырымға жуық тас жолдың екі жағы биіктігі 30-40 сантиметр болатын бордюрмен бекітілген. Жолдың бір беті – Жайық өзені болса, екінші жағы– Каспий теңізінің жағалауы. Кезінде бұл жерде қаулай өскен қалың қамыс көптеген хайуандардың мекені болған. Бірақ, Солтүстік Каспийде мұнай төгілгенде қарсы әрекет ететін экологиялық база құрылысы басталғанда, қамыстар шабылып, жағаны тазалау жұмыстары белсенді жүргізілді. Енді эколгогиялық тепе-теңдік бұзылатын түрі бар. Табиғатты қорғау прокуратурасы жәндіктер жаппай қырыла бастаған соң ғана жол құрылысы кезінде экологиялық талаптар сақталды ма, жоқ па – деп тексеріс жүргізбек. Ал әзірге қолдан келетіні – бауырымен жорғалаушылар көлік доңғалағының астында қалмас үшін жол сақшыларының көмегіне жүгіну.