Жарияланды: 30

Атырауда түн жарымында көшеде жүрген 100-ге жуық бала полицияға жеткізілді

Атырауда түн жарымында көшеде жүрген 100-ге жуық бала полицияға жеткізілді

Атырауда үш күнде түнде көшеде жүрген 98 жасөспірім анықталды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21-23 сәуірде «Жанұя және бала» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілген.

«Іс-шара кезінде бала тәрбиесімен тиісінше айналыспаған 8 отбасына қатысты құжаттар кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды. «Зорлық және жауапкершілік» тақырыбында онлайн форматта 110 ата-ананың қатысуымен жиналыс өткізілді. Департаменттің бөлім бастықтары 7 азаматқа құқықтық консультация беріп, кәмелетке толмаған 22 жасөспіріммен әңгіме жүргізілді», -дейді департамент бастығы, полиция бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Оның айтуынша, ювеналды полиция инспекторлары түнде заңды өкілінсіз тұрғылықты үй-жайынан тыс жерде жүрген 98 жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік ескерту берілген.

Ал, 11 ата-анаға бала тәрбиесімен айналыспағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда балаларының көзінше ішімдік ішкен әйелдің құқығы шектелетінін жазған болатынбыз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін