Атырауда түзету мекемесінен 323 млн.теңге ұрланды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда түзету мекемесінен 323 млн.теңге ұрланды

Атырауда түзету мекемесінен 323 млн.теңге ұрланды

Атырауда түзету мекемесіндегі қамалғандардан 323 млн.теңге ұрланды.
«Атырау облысындағы түзету мекемесіндегі жұмыстарға бөлінген 323 млн.теңге көлемінде бюджет қаржысы жымқырылғаны анықталды. Осыған орай, ҚР ҚК 176-бабының 3-тармағы бойынша «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету» айыбымен «Еңбек Атырау» мекемесі филиалының директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады  «ҚазАқпарат» тілшісіне қаржы полициясының баспасөз қызметінен.

  • 9 Сәуiр 2014
  • 323
Фото - Caravan.kz


Тергеу материалдарына сәйкес, «Еңбек Атырау» филиалының директоры 2013 жылдың наурыз-желтоқсан айлары аралығында ҚР ІІМ ҚАЖК УГ-157/9 мекемесімен күзетілетін аймақ пен оқшауланған тұрғын алаптарының инженерлік-техникалық құралдарына күрделі жөңдеу жұмыстарын жүргізу бойныша келісім жасаған. Бюджет қаржысын ұрлау жобалық-сметалық құжаттарды ауыстыру мен құрылыс жұмыстарына қажетті заттардың бағасын көтеру арқылы жүзеге асырылған.