Атырауда жаңа туған нәрестені шалшық суға тастап кеткен! - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда жаңа туған нәрестені шалшық суға тастап кеткен!

Атырауда жаңа туған нәрестені шалшық суға тастап кеткен!

Атырауда жаңа туған нәрестені көкек ана қоқыс толы жәшіктің жанындағы шалшық суға тастап кеткен. Шарананың кіндігі де кесілмепті.

  • 13 Шiлде 2011
  • 602
Фото - Caravan.kz

Нәрестені  көрген тұрғындарполиция мен жедел жәрдем шақыртқан.  Шарана  екі сағаттан астам лай суда жатыпты. Дәрігерлер оны жуындырып, кіндігін кесіп, Рүстем деген есім беріпті. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында жатыр. Басынан соққы алған сәбидің халі ауыр. Полиция  аталмыш  оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, безбүйрек анаға іздеу жариялады.


Орынтай Құмарова
, Атырау облыстық балалар ауруханасының мейірбикесі:

— Далаға,  қоқысқа тастап кеткен, баланың жағдайы ауыр. Лас,  аянышты  күйде алып келді.

Соңғы жаңалықтар