Атыраудағы апаттан зардап шеккендер материалдық өтемақы алады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраудағы апаттан зардап шеккендер материалдық өтемақы алады

Атыраудағы апаттан зардап шеккендер материалдық өтемақы алады

«Алматы-Атырау»  бағытындағы пойыздың апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен жолаушылар материалдық көмек талап ете алады.

  • 21 Сәуiр 2014
  • 416
Фото - Caravan.kz

«Қазір бұл мәселе қаралып жатыр», — деді брифингте Атырау темір жол желілік бөлімінің бас инженері Жәнібек Жүнтұрбаев.

Заң бойынша билет құнына жолаушының денсаулығына келген зақымға байланысты сақтандыру өтемақысын алуға құқық беретін сақтандыру да кіреді.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Болатбек Омаровтың айтуынша, жарақат алған жолуашылардың заттары вагондарда қалып қойған болуы мүмкін. Сондықтан, апат орын алған аумақ облыстық ІІД қызметкерлерімен қоршауға алынды.

Атырау  облысында «Сағыз-Мақат» учаскесінде апатқа ұшыраған вагондар Қытайда шығарылған болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Көлік және коммуникация министрлігі Көлікті бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев айты.

«Вагондар жаңа, 2006-2007 жылдары шығарылған вагондар. Алғашқы мәліметтер бойынша, олар Қытайда шығарылды деген болжам бар», — деп атап өтті ол.


Ә. Асаубаевтың мәліметінше, жалпы темір жолдың да, вагондардың да сапасы жақсы болған. Сондықтан, апаттың себебін нақ басып айту қиын. Зерттеу жұмыстары жүргізілуде.