Атыраудағы Ынтымақ ауылында үш үй өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраудағы Ынтымақ ауылында үш үй өртеніп кетті

Атыраудағы Ынтымақ ауылында үш үй өртеніп кетті

Атырау облысының Ынтымақ ауылында үш үй қора-қопсысымен бірге өртеніп кетті.

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 639
Фото - Caravan.kz

Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт бейсенбі күні Индер ауданының Ынтымақ ауылындағы жер үйлердің бірінен шыққан.

«Жалын үйдің жанында орналасқан екі үйді деп шарпып үлгерген. Салдарынан үш үй де есік алдындағы шаруашылық нысандарымен бірге өртеніп кетті. Сонымен қатар, қысқа дайындалған 24 тонна пішен де жанып кетті», — дейді баспасөз қызметіндегілер.

Тілсіз жау алты сағаттан кейін ғана ауыздықталды. Адам шығыны жоқ.