Атыраулық жұмысшылар жалақыларын талап етіп, шу көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраулық жұмысшылар жалақыларын талап етіп, шу көтерді

Атыраулық жұмысшылар жалақыларын талап етіп, шу көтерді

Бүгін Атырауда да мұнай өңдеу зауытының аумағында салынып жатқан хош иісті көмірсутек шығаратын кешен құрылысын салушы бір топ жұмысшы наразылық білдірді.

  • 14 Қыркүйек 2013
  • 331
Фото - Caravan.kz


Теміржан Құспанов, жұмысшы:

— Жалақыларын ала алмай, сорлап жұмыс істеп жүрген жігіттер бар. Жатақханаға кіргізбейді. Шығыңдар деп жатыр, мына 300-500 адам қайда қаңғып қалады. Отбасы бізге қарап отыр. Ақша күтіп отыр. Қарайтын бетім жоқ.

Хош иісті көмірсутек шығаратын кешен құрылысының негізгі жұмыстарын жүргізген 60-қа жуық бетоншы мен арматура тоқушылардың қолында келісім-шарттары да жоқ. Алды үш айдан бері көк тиын көрмеген. Жұмысшылардың көпшілігі Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келгендер. Орташа жалақылары – 80 мың теңген үстінде. Бұл жағдайдан облыстағы еңбек инспекциясының басшылары хабардар екен. Бірақ, олар жұмысшылар айтқандай 3 емес, 1 айдың ғана жалақысын алмаған деп отыр.