Атышулы түрік телехикаясын түсіру барысында жік шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атышулы түрік телехикаясын түсіру барысында жік шықты

Атышулы түрік телехикаясын түсіру барысында жік шықты

Соңғы 10 жылдағы ең әйгілі түрік телехикаяларының бірі - «Көкжалдар мекені» (Kurtlar Vadisi) телехикаясын түсіру тобында жік шықты.

  • 22 Сәуiр 2014
  • 520
Фото - Caravan.kz

Шетелдік БАҚ хабарлағандай, «Pana Film» компаниясының ағайынды иелері — телехикаяны түсіріп жатқан Раджи Шашмаз бен Полад Алемдардың рөлін ойнап жатқан Неджати Шашмаз ренжісіп қалған көрінеді. Ақпаратқа қарағанда, осыдан біршама уақыт бұрын Р.Шашмаз «Pana Film» компаниясынан кетіп, «Yalnız Kurt» жобасын қолға алған, яғни құрылыс секторына инвестиция құйған.

Сонымен қатар ол туризм мен медиа саласына да қаржы бағыттауды көздеп отыр. Осылайша ол бауырымен «Pana Film» компаниясы аясындағы іскерлік байланысын үзді.

Айта кетейік, ағасы кеткеннен кейін Неджати Шашмаз фирманың бірден-бір иесі болып қалды.