Аудандық соттың шешімімен Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Корней Изаак рахымшылық аясына ілікті - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аудандық соттың шешімімен Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Корней Изаак рахымшылық аясына ілікті

Аудандық соттың шешімімен Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Корней Изаак рахымшылық аясына ілікті

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының шешімімен қаланың бұрынғы әкімі Корней Изаак рахымшылық аясына ілікті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қарағанды облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес депарламентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Ақпан 2004
  • 573
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, К.Изаак 2000-2002-жылдар аралығында Қарағанды қаласының әкімі лауазымын атқарған. Қаржы полициясы органдары оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің қызмет бабын асыра пайдалану жөніндегі 307-бабы, кәсіпкерлікпен заңсыз айналысу жөніндегі 310-баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2004-жылдың 23-ақпанында өткен сот отырысы барысында айыпкер өз айыбын толықтай мойнына алып, сотқа «ҚР тәуелсіздік алуының 10 жылдық мерейтойына байланысты рахымшылық жариялау туралы» заңына сәйкес кешірім жасау туралы арыз түсірді. Сот К.Изаактың өтінішін қанағаттандырды.

Соңғы жаңалықтар