Аудармашылар өзара тәжірибе алмасуы үшін өз желілерін құруы керек - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аудармашылар өзара тәжірибе алмасуы үшін өз желілерін құруы керек

Аудармашылар өзара тәжірибе алмасуы үшін өз желілерін құруы керек

Жас аудармашыларды ынталандыру үшін олардың біліктігін көтеретін арнайы семинар-тренингтер керек. Бұны Гёте институтының ақпараттық орталығының жетекшісі Шолпан Қызайбаева бүгін Алматыда «Аударма сатылары» аймақтық жобасы аясында өз жұмысын бастаған Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстан елдерінің немістілді әдебиет аудармашыларының бір апталық семинарында айтты.

  • 16 Қыркүйек 2013
  • 492
Фото - Caravan.kz


«Аударма жұмысындағы ең алғашқы кезең шығарманың тілін жетік меңгеру болып саналады. Екінші кезеңде аудармашы оны өз тіліне аударып, әдеби стильде жазып шығуы керек. Ал үшінші кезеңде баспа редакторларымен тығыз жұмыс жасап, оны бірлесіп өңдеуден өткізу қажет. Өйткені аудармашы жазушы емес. Ол өзінше бір жеке мамандық», — дейді Ш.Қызайбаева. Оның айтуынша, қазір елімізде аудармашылар түрлі оқу орындарында әзірленгенмен көбі басқа салаға ауысып кетеді. Өйткені аударма — инемен құдық қазғандай өте қиын жұмыс. Ол уақыт пен төзімді қажет етеді. Сондықтан бұл мамандықтың беделін көтеру үшін жас аудармашыларды ынталандыру керек. Әрдайым біліктілігін жетілдіріп, аударма жұмысының қыр-сырынан мағлұматын кеңейту қажет. Олар бір-бірімен байланыс орнатып, өзара тәжірибе алмасу үшін өз желілерін құруына мүмкіндік жасау керек. «Аударма сатылары» аймақтық жобасы бұл бағытта оған өз ықпалын тигізетін болады.