Әуе апатына кінәлі деп танылған диспетчер жазасын қоныс колониясында өтейді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әуе апатына кінәлі деп танылған диспетчер жазасын қоныс колониясында өтейді

Әуе апатына кінәлі деп танылған диспетчер жазасын қоныс колониясында өтейді

Әуе апатына ақыры диспетчер кінәлі деп танылды. Бүгін Шымкент соты "Қазаэронавигация" қызметкеріне 6 жыл үкім кесті. Қанат Ақылбековтың қате мәліметінен экипаж биіктіктен шатасқан дейді прокурорлар. Тек үкіммен оның жақындары келіскен жоқ.Диспетчердің әріптестері қарсылық ретінде тіпті жаппай жұмыстан шыққалы жатыр.

  • 29 Сәуiр 2014
  • 216
Фото - Caravan.kz

Бүгінгі соңғы сотқа Қанат Ақылбеков әдеттегідей қарауылсыз өзі кірді. Үкім оқылған кезде залда ине шаншар орын болмайды делінген. Бірақ, неге екені белгісіз сот басталғалы үзбей қатысып келе жатқан жәбірленушілердің көбі бүгін келмеді. Сонымен, судья әскери прокурордың өтінішін толық қанағаттандырып, айыптыны 6 жылға кесті.

Қолына кісен салынған Ақылбековтің өзі бұл шешіммен келіскен жоқ. Туыстары мен әріптестері де істің біржақты қаралғанын айтуда.

 Жұмабек Ақылбеков, Қанат Ақылбековтың әкесі:

-Өйткені алдында 2 эксперт, Халықаралық авиацалық комитет  диспетчердің кінәсі жоқтығын айтты. Сот әділетсіз .

Бұл шешіммен Ақылбековтың әріптестері мен «Қазаэронавигация» мекемесінің басшылары да келіспей отыр. Ешқандай дәлелсіз диспетчерді қамап қойды дейді. Ал Ақылбековтың туыстары соттың күрделі істі тездетіп жауып тастауға тырысып жатқанын айтады.

Баян Сәрсенова, Қанат Ақылбековтың жұбайы

-Бұл тірлік 14 ақпанда  шешіліп қойған. Ақылбековті соттау керек деп. Жәбірленушілер компенсация алады. Шекара қызметіабыройын көтермек сөйтіп. Ақша бұл жерде. Бәрі ақша.

Бір қызығы, екі айға жуық сот процессінде Ақылбековтің сотталуын талап еткен жәбірленушілердің қабағынан қуанышты байқай алмадық.


Мен бір-ақ нәрсені айтамын, Қанат келеді. Ал менің бауырымнан мынандай да қалмады. Менің жүрегім қақ айрылып тұр.

Ал тілшілермен тілдесуге ниет танытпаған қалған жәбірленушілерді диспетчердің туыстары қарғыспен шығарып салды.

Самолеттен бес бетер болып жоқ болып кетесіңдер! Айуандар өңшең! Бір уыс топырақ өліктерің шықсын атаңанәлет! Сайқалдар өліктерің шығады әлі.

2012 жылдың 25-ші желтоқсанында Астана-Шымкент бағытымен келе жатқан АН-72 әскери ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 20 шекарашы мен 7 бортқызметкер қаза тапқан болатын. Марқұмдардың көбі Шекара қызметінің бастығы Тұрғанбек Стамбеков бастаған өңкей шенді әскерилер.

—   Үкім бойынша Қанат Ақылбеков 6 жыл бас бостандығынан айрылып қана қоймай, 2 миллион теңгеге жуық моральдық шығын мен сот шығынын өтеуі тиіс. Алайда, бұл шешіммен диспетчердің туыстары да басшылары да келіспейтінін жеткізді. Енді олар апелляциялық шағым дайындап жатыр. Яғни, аты-шулы іске нақты нүкте әлі қойылған жоқ.