"Ауғаныстан болғанын күтіп жүрсіздер": Елімізде ниқаб кигендерге заңмен шектеу қоя ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ауғаныстан болғанын күтіп жүрсіздер": Елімізде ниқаб кигендерге заңмен шектеу қоя ма?

"Ауғаныстан болғанын күтіп жүрсіздер": Елімізде ниқаб кигендерге заңмен шектеу қоя ма?

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек ниқаб кигендерге заң шығаруды сұрады.

  • 16 Мамыр
  • 216
Сурет: Айгүл Орынбектің парақшасынан

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Айгүл Орынбектің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айгүл Орынбек Шымкенте қаласында мынадай жағдайға тап болған:

«Ермурат аға бұларға қарсы заңды қашан шығарасыздар?

Әлде Ауғаныстан болғанын күтіп жүрсіздер ме?

Мынау суретті бүгін Шымкентте түсірдім», деп жазды.

«Ішінде кім тұрғаны да белгісіз, мумкін қашқындықта жүрген қылмыскер тұрған шығар, мүмкін осы өзінен 3 размерге үлген көйлегінің ішінде қарулары бар шығар,, тіпті дінді қоя бергенде де қоғам қауіпсіздігі мәселесі қаралуы қажет», «Ниқап түгіл қижабка запрет қою керек. Өзбектер озды», «Ауғанстан болып болдық қой, боламызы несі», деп халық қолдау білдірді.

Әйел адамға никаб тағудың шариғаттағы үкімі қандай?