Ауған соғысының ардагерлері жергілікті бюджет есебінен мектептерде әскери-патриоттық клубтар құруды қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауған соғысының ардагерлері жергілікті бюджет есебінен мектептерде әскери-патриоттық клубтар құруды қолдайды

Ауған соғысының ардагерлері жергілікті бюджет есебінен мектептерде әскери-патриоттық клубтар құруды қолдайды

Алматы. 25-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ауған соғысы ардагерлері ұйымының қауымдастығының пайымдауынша, жергілікті бюджет есебінен әрбір мектепте әскери-патриоттық спорттық клубтар құру қажет. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Ауғанстандағы соғыс мүгедектерінің ерікті қоғамының төрағасы Сергей Махашев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 25 Желтоқсан 2007
  • 1161
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен бекітіліген 2006 — 2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты іс-шаралар жоспарында балалар, жасөспірімдер мен жастардың әскери-патриоттық, спорттық, техникалық оқытатын компьютерлік клубтарды, көркемдік секцияларды, кітапханаларды дамытуға

бюджеттен бір тиын да қарастырылмаған. Біздің пайымдауымызша — бұл өте үлкен қателік. Біз бұл мәселені келесідей қоямыз: бір мектеп — бір жасөспірімдер немесе жастардың әскери-патриоттық спорт клубы. Және де бұл жергілікті бюджеттен қаржыландырылуға тиіс»,- деді С. Махашев.

Сонымен қатар, баспасөз мәслихатына қатысушылар жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесін құру туралы ұсыныс айтты. С. Махашевтің айтуынша, бұл мақсатта республикалық офицерлер үйі мен Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептерінің инфрақұрылымын оның базасында жастарды патриоттық тәрбиелеудің әдістемелік және идеологиялық орталықтарын ұйымдастыру үшін «ауған қозғалысына» беру қажет. «Ауғандықтарда» қажетті мамандар бар, деді С. Махашев.

25-желтоқсанда «ауған соғысының» ардагерлері Ауғанстанға кеңес әскерінің кіруінің 28 жылдығын атап өтпек.

Қауімдастықтың мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі күнде Қазақстанда 100-ден астам ардагерлер ұйымы тіркелген. Олардың 34-і 2005 жылы құрылған «Қазақстаның ардагерлері» атты Ауғанстандағы соғыс ардагерлері ұйымының қауымдастығына кіреді. 22 мыңнан астам қазақстандық «ауған соғысын» бастан кешіріп, 88 адам қайтыс болған, 21 адам — хабар ошарсыз кетсе, мыңға жуық адам мүгедек болып қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті