Ауғанстан президенті АҚШ-ты сегіз адамның өмірін қиды деп айыптады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстан президенті АҚШ-ты сегіз адамның өмірін қиды деп айыптады

Ауғанстан президенті АҚШ-ты сегіз адамның өмірін қиды деп айыптады

Ауғанстан президенті Хамид Карзай АҚШ-ты елдің орталығындағы Парван провинциясын әуеден соққылап, салдарынан сегіз бейбіт тұрғынның өмірін қиды деп айыптады.

  • 16 Қаңтар 2014
  • 331
Фото - Caravan.kz


«Сәрсенбіге қараған түні американ әскері Парван провинциясына әуеден соққы берді. Салдарынан жеті бала мен бір әйел көз жұмды. Тағы бір тұрғын жарақат алды», — дейді Х.Карзай.

Президент мәлімдемесінде: «Ауғанстан үкіметі бірнеше жылдан бері ауған ауылдарындағы әскери операцияларды толығымен тоқтатуды өтініп келеді. Алайда, американ әскері екі жақты келісімдер мен кепілдіктерді бұза отырып, адамдар тұратын ауданды бомбалады. Салдарынан бейбіт тұрғындар мерт болды», — делінген.