Жарияланды: 130

Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандықтың отбасына көмектесеміз – СІМ

Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандықтың отбасына көмектесеміз – СІМ

ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Ауғанстанда жарылыстан қаза тапқан қазақстандықтың мәйітін елге жеткізу туралы мәліметпен бөлісті.

Бұл туралы Baq.kz тілшісі мәлімдеді.

“Біріншіден, біз ешқашан азаматтарымызға көмек көрсетуден бас тартпаймыз. Әсіресе, мынадай қайғылы оқиға болған кезде. Қазір Кабулде террористік қауіптің жоғары деңгейі сақталып отыр. Бірнеше адам қаза тапқан терактіден кейін тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ауғанстандағы біздің дипломаттар жұмысты жасап жатыр. Қаза тапқан азаматтың әкесімен, басқа да туыстармен байланыстамыз. Күн сайын олармен телефон арқылы сөйлесеміз. Жақындарының жағдайын түсінеміз, оларға толықтай қолдау көрсетеміз”, - деді Әнуар Жайнақов.

Ол Қазақстан елшілігі мен ҚР СІМ көмек көрсету меxанизмін іске қосқанын атап өтті. Мәйітті елге әкелу бойынша бірқатар жұмыс қарастырылып жатыр.

“Мемлекеттік бюджеттен ақша бөлінеді. Бұл үшін белгілі бір процедураларды орындап, тиісті құжаттарды жинау керек. Мұнымен біздің дипломаттар айналысып жатыр. Қаза тапқан қазақстандықтың денесін елге әкелу бойынша бірнеше нұсқаны туыстарына ұсындық. Ауғанстанның бір компаниясы мәйітті жеткізуге 20 мың АҚШ долларын сұрады. Бірақ біздің дипломаттар 6-7 мың доллар көлемінде басқа команияның қызметіне жүгінбек. Біз туған-туыстарымен үнемі байланыста боламыз”, - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, 21 қаңтар күні Ауғанстанда қонақүйге жасалған шабуыл салдарынан қазақстандық азаматтың қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін