Ауғанстандағы президенттік сайлауда Aбдулла Абдулла көш бастап келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстандағы президенттік сайлауда Aбдулла Абдулла көш бастап келеді

Ауғанстандағы президенттік сайлауда Aбдулла Абдулла көш бастап келеді

Ауғанстанның Тәуелсіз сайлау комиссиясының хабарлауынша, алдын ала мәліметтер бойынша президенттік сайлауда бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла көш бастап келе жатыр. Ол саналған дауыстардың ішінде 41,9 пайызын жинаған. Қазіргі кезде 44 ауған провинцияларының 26-сында бюллетеньдер саналып болды. 

  • 14 Сәуiр 2014
  • 282
Фото - Caravan.kz


Оның басты қарсыласы бұрынғы қаржы министрі Ашраф Гани әзірге, 37,6 пайыз деңгейінде дауыс жинады.

Комиссия төрағасының сөзінше, дауыстарды санау кезінде алдағы уақытта нәтижелер өзгеруі мүмкін. Егер сегіз кандидаттың ішінде бірде біреуі дауыстардың 50 пайызын жинамаса, онда сайлаудың тағы бір туры жарияланады, деп жазады ИТАР-ТАСС.