"Ауыл аймақты 100% интернетпен қамтыдық деген бла бла әңгімелеріңді ауыл тұрғындарына айтсаңдар, күлетін шығар", - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ауыл аймақты 100% интернетпен қамтыдық деген бла бла әңгімелеріңді ауыл тұрғындарына айтсаңдар, күлетін шығар", - Айгүл Орынбек

"Ауыл аймақты 100% интернетпен қамтыдық деген бла бла әңгімелеріңді ауыл тұрғындарына айтсаңдар, күлетін шығар", - Айгүл Орынбек

Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек ауылдық аймақтардағы интернет мәселесін көтерді.

  • 23 Ақпан 2021
  • 125
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қызылордадан қайтып келе жатып, жолда кез келген ауылдың ішіне кіріп көргім келді.

Премьер министр тарапынан 99% интернет қамтылған деген ақпарат берілген соң , бүкіл ауыл аймақта интернет ұстап тұр деп ойлайтын шығар Президентіміз!

Бірақ бұл ақпарат өтірік, мысалы мына Екпінді ауылдық округте тіпті “Е” деген белгі шықпайды. Яғни бүкіл байланыс операторлары ұстамай тұр!

Әдейі мектеп жанына келіп прямой эфирге шыққым келді, өкінішке орай мүмкіндік болмады.


Ауыл аймақты 100% интернетпен қамтып қойдық деген бла бла әңгімелеріңді мына ауыл тұрғындарына келіп айтсаңдар, күлетін шығар.

Балалар қалайша онлайн оқыды екен?", — деп жазды Айгүл Орынбек.

Соңғы жаңалықтар