Жарияланды: 480

Ауыл шаруашылығы өнімдерін шет елдерге жөнелту көлемі артып жатыр

Ауыл шаруашылығы өнімдерін шет елдерге жөнелту көлемі артып жатыр Сурет - vsluh.ru

Еліміз агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын ұлғайтуда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов мәлімдеді.

Caravan.kz медиа-порталы Айтуғанов мырзаның осы жиында жасаған баяндамасын толық жариялауды жөн санап отыр.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің

бірінші орынбасары Қ. Айтуғановтың Үкімет отырысындағы есебі

Қайрат Айтуғанов. 24.kz фотосы
Қайрат Айтуғанов. 24.kz фотосы

(2017 жылдың 21 қарашасы, Астана қаласы)

Агроөнеркәсіптік кешенінің өнімдерінің экспорт көлемін арттыру бойынша Министрлік бұл бағытта бірқатар шаралар жүзеге асыруда.

2017 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімдері мен қайта өңдеу өнімдерінің экспорты 1,5 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға артты, сонын ішінде  қайта өңдеу өнімдері - 10% -ға артты.

Ауыл шаруашылығы негізгі өнімдерінің экспортының артуын атап өту қажет, яғни:

мұздатылған сиыр еті 2 есе.

Бұл Ресейге жеткізілімдердің 83%-ға ұлғаюына және Біріккен Араб Әмірлігіне бірінші экспортының ашылуына.

қой еті 8 есе.

Сонын ішінде ағымдағы жылы жаңа нарықтарының Иран, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірлігі ашылуына байланысты.

- жұмыртқа 1,4 есе. Ауғанстанға және Тәжікстанға жеткізуін ұлғаюына байланысты;

- жүн 1,8 есе. Қытайға жеткізілімдердің   ұлғаюына байланысты.

Өсімдік шаруашылығынан картоп экспорты 19 есеге өсті, Ресейге томат пен қиярдың экспорты 3,5 есеге өсті, Қытай мен Ресейге жаңғақ экспорты 3 есеге өсті.

Ұлыбританияға алғашқы рет арпа экспортталды, Иран мен Моңғолияға сұлы қайта жаңартылды, күріш, қарақұмық, жарма, майлы дақылдар, жемістер, бақша дақылдары, қарбыз, кептірілген бұршақпен көкөністер ТМД, Еуропа, Таяу Шығыс және Қытай елдеріне 2 есе артты.

Өңделген өнімдердің экспорты өсті:

- сүт және сүт өнімдері 1,5 есе.

Біз көп нәрсені жеткізе бастадық:

Ресейге: ірімшік пен сүзбе 2 есе; сүт өнімдері 2,4 есе; 2 есеге сүт пен кілегей;

Моңғолияға: ашыған сүт өнімдері 32 есе көп; ірімшік пен сүзбе 4 есеге;

Тәжікстанға: сүт пен кілегей (конденсатталған) 9,3 есе; қышқыл сүт өндірісі 1,2 есе.

Өсімдік майының Ауғанстанға, Қытайға, Ресейге және Тәжікстанға экспорты 2 есе артты.

Тәжікстанға маргариннің экспорты 2 есе, қанттың 2,5 есе, ТМД елдеріне кондитерлік өнімдерінің 1,5 есе, шоколадтың 1,2 есе, макарон өнімдерінің 1,6 есе артты.

Ресейге және Қырғызстанға жеткізілім көлемінің артуына байланысты консервіленген жемістер, көкөністер мен жаңғақтар 1,4 есе, ашытқы 10 есе экспорт көлемі артты.

Мақта талшығының Белоруссияға, Латвияға, Молдоваға, Түркия мен Қытайға экспорты 1,7 есеге өсті.

Бұған экспортқа қазақстандық өнімді жылжыту бойынша нақты шараларды құрайтын мақсатты экспорттық саясаты бойынша  бекітілген Жол картасы және қалған 5 өңірде аусылдан еркін ел мәртебесін алу себеп болды.

Жол картасы шеңберінде Қытай, Таяу Шығыс елдерімен және Еуропалық елдермен ветеринариялық және фитосанитарлық талаптарды келісу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күні Министрлік және Қытайдың Сапаны қадағалау, инспекциялау және карантині бойынша арасында балық өнімдері (2013), асыл тұқымды жылқы (09.2016), мұздатылған қой (06.2017), бал (05.2017), бидай (12.2015), бидай кебегі (03.2017), соя бұршақтары (09.2016), сою үшін  жылқылар (6/11/2017) бойынша хаттамаларға қол қойылды.

Нəтижесінде 2017 жылғы 9 айда Қытайға ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 20,2% -ға экспорт көлемі артты.

Атап айтқанда, 2 есе мұздатылған балық, күнбағыс тұқымдары, басқа да майлы дақылдардың тұқымдары мен жемістері, күнбағыс, сафлора, мақта майы 3 есе, соя майы 13,5 есе, зығыр, жүгері, күнжіт майының 1,6 есеге экспорттау көлемі артты.

Биылғы жылда Қытайға тұңғыш рет 4,3 мың тонна соя бұршақтары экспортталды.

Иран нарығына қазақстандық мал шаруашылығы өнімдеріне қол жеткізу үшін жұмыс жүргізілуде.

Иран тарапымен (07.2017) Қазақстаннан Иранға тірі қойларды, мұздатылған және салқындатылған қойларды жеткізу бойынша ветеринарлық талаптар келісілді.

Ағымдағы жылы тірі қойлар мен қой етінің экспорты басталды.

Сонымен қатар Иранға:

зығыр тұқымының 2 есе;

рапс тұқымы 7,5 есе ұлғайды.

11 мың тонна көлеміндегі 4,4 млн. АҚШ доллары сомасындағы күнбағыс тұқымы экспортының  қайта жаңғыртуы басталды.

Ағымдағы жылы Біріккен Араб Эмираттарымен ірі қара мал, ұсақ мал және үй құстарынан алынған ет және ет өнімдеріне қойылатын талаптарға сай келетін экспортқа ветеринарлық сертификаттың нысаны екіжақты тәртіппен келісілді.

Нәтижесінде алғаш рет Біріккен Араб Әмірлігіне мұздатылған сиыр және қой еті  экспортталды.

Ағымдағы жылдың шілде айында Сауд Аравиясының сарапшылары мал шаруашылығы өндірістерінің ветеринариялық-санитариялық жағдайын тексеру үшін Қазақстанға шақырылды.

Қараша айының басында олардан тірі ұсақ мал және ірі қара малдың, сондай-ақ сиыр еті мен қой етінің жеткізілуіне шектеу алып тастау туралы оң қорытындыны алдық.

Қазіргі уақытта Министрлік Сауд тарапымен екі жақты ветеринарлық сертификаттарды келісу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізе бастады.

Жалпы, Сауд Аравиясына АӨК өнімдерін экспорттау өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50 есе өсті. Өсім майлы дақылдар, сондай-ақ балды жеткізудің 7 есе ұлғаюы басталуымен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, АӨК өнімдерінің Еуропалық елдерге экспортының өсуін атап өту қажет.

Мысалы, Бельгияға АӨК өнімдерін экспорттау 1,2 есеге, Германияға 1,5 есе, Италияға 2,1 есе, Латвияға 1,7 есе, Нидерландыға 1,5 есе, Чехияға 2,8 есе өсті.

Атап айтқанда, Еуропалық елдерге майлы дақылдардың (зығыр, рапс, күнбағыс тұқымдары), бидай, кептірілген бұршақ көкөністер экспорты ұлғайды.

Осылайша, зығыр тұқымдарын Бельгияға экспорттау 1,4 есеге, Германияға 1,5 есе, Чехияға 3,3 есеге, Латвияға 1,9 есе, Италияға бидай экспорты 2,4 есеге, кептірілген бұршақ көкөністер 3,3 есеге ұлғайды.

өткен жылдың аналогиялық кезенімен салыстырғанда 29 млн. АҚШ долларынан 57 млн. АҚШ долларына дейін Түркияға экспорт көлемі екі есе арттқанын атап айту қажет.

Бұдан басқа, Вьетнамға АӨК өнімдерінің экспорты айтарлықтай өсті 9 мың АҚШ доллардан 1,5 млн. АҚШ долларға дейін.

Сингапурға алғашқы рет 77,1 мың. АҚШ долларға 240,0 тонна зығыр тұқымдары экспортталды.

«Азық түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-мы сыртқы нарықта барлық ауыл шаруашылық өнімдерін сату бойынша Экспорттық орталыққа өзгертілді. Ол енді астықпен ғана емес, сонымен қатар басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлерімен айналысады.

2017 жылғы 20 қарашадағы жағдайы бойынша Корпорация Қытай, Иран, Орталық Азия, Әзербайжан және Бельгия елдеріне 15,7 млн.АҚШ долларына 84 мың тонна дәнді және майлы дақылдарды сатты.

  2017 жылдың аяғына дейін Корпорация экспорттық бағытта 30,5 млн. АҚШ долларға 120 мың тонна дәнді дақылдар, 2 мың тонна күнбағыс майы және 2 мың тоннаға дейін ет экспорттауға жоспарлауда.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Құрметті әріптестер!

Бұл - ағымдағы жылдың 9 айының қысқа қорытындысы.

Алдында Министрлікпен қабылданған Жол картасына сәйкес кедергілерді алып тастау, нарықтарды ашу, АӨК өнімдерінің экспортын ұлғайту бойынша үлкен жұмыстар тұр.

Назарларыңызға рахмет!

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін