Ауыл шаруашылығы өніміндегі негізгі көрсеткіштер - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл шаруашылығы өніміндегі негізгі көрсеткіштер

Ауыл шаруашылығы өніміндегі негізгі көрсеткіштер

Қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілген жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 45% -ы - мал шаруашылығы.

  • 28 Ақпан 2020
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  moa.gov.kz  сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту шеңберінде мал шаруашылығы саласында инвестициялық жобаларды субсидиялауға шамамен 30% немесе 35,9 млрд. теңге бөлінді.

Өндірістің ішкі мүмкіндіктері мен сыртқы нарықтың әлеуетін салыстыру және талдау негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі  ұзақмерзімді келешегі болып ет мал шаруашылығы табылып отыр.

Қабылданған модель Қазақстанның нақты ерекшеліктері мен көшпелі отарлы мал шаруашылығы дәстүрлерін негізге алған:

  • 180 млн. га жайылым (соның 58 млн. гектары қолданыста);
  • ауыл халқының 3,8  млн. адамы еңбекке қабілетті (соның 1,3 млн адамы ауылшаруашылығында жұмыспен қамтылған);

  • жылына 2 млн тоннадан астам жалпы импортты құрайтын негізгі дамушы нарыққа жақындық;
Жаңа тәсілдеме ет өндірудің бірыңғай технологиялық конвейерінде шағын фермерлердің көп көлемде қатысуын қарастырады. Отбасылық фермерлер мал өсірумен және бордақылау үшін жас тайыншалар алумен, өнеркәсіптік бордақылау алаңдары – қарқынды бордақылаумен, ет комбинаттары – өнеркәсіптік мал союмен, дендеп қайта өңдеумен және дайын өнімді өткізумен айналысатын болады.
Соңғы жаңалықтар