Жарияланды: 100

Ауыл шаруашылығы саласына өзгеріс қажет - Дариға Назарбаева

Ауыл шаруашылығы саласына өзгеріс қажет - Дариға Назарбаева

Парламент Сенатының спикері Дариға Назарбаева ауыл шаруашылығы саласын дамытуда не кедергі болып отырғанына тоқталды. 

Бүгін  "Егемен Қазақстан" басылымында Дариға Назарбаеваның  "Бақуатты ауыл – қуатты Қазақстан" атты материалы жарияланды.

Сенат спикері атап өткендей,  бүгінде Ауыл шаруашылығы – Қазақстанның экономикасындағы негізгі сала. Ішкі жалпы өнімнің 4,4%-ы ауыл шаруашылығына тиесілі болғанымен, дәл осы ауыл шаруа­шылығында еліміздің еңбекке қабілетті тұрғындарының 14%-ы жұмыс істейді,

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөнін­дегі комитетінің мәліметтері бойынша биылғы жылдың 1 қаңтарында эконо­миканың салалары бойынша ең төменгі орташа жалақы ауыл шаруашылығында және ол 127,3 мың теңгені құрады. Бұл былтырмен салыстырғанда 15,6% жо­ғары, алайда өсім – елдегі орташа көрсет­кіштен біршама төмен,- деді Дариға Назарбаева.

Бұған қоса Сенат төрағасы ауыл халқының бақуатты өмір сүріп жатпағанына тоқталды және ауыл шаруашылығы саласының кенжелеп тұру себептерінің бірі Агроөнеркәсіп кешеніндегі процестерде болуы мүмкін екенін айтты.

Кірістердің жалпы өсіміне қарамастан ауыл адамдары дәулетті өмір сүріп жатқан жоқ екенін айтып ешкімді таңғалдыра алмайсың. Мүмкін осыдан елімізде ауыл шаруашылығы тұралап тұрған шы­ғар? Бірақ бұған ауыл адамдарының кіріс деңгейінің төмендігі – себеп емес, бұл тікелей отандық Агроөнеркәсіп ке­ше­нін­дегі процестердің салдарынан деп ой­лаймын, - деді Сенат төрағасы. 

Көріп отырғанымыздай, қалыптасқан ахуал кәсіби тұрғыда қоғаммен, әсіресе өңірлердегі ауыл тұрғындарымен кеңінен талқылауды талап етеді. Келешегі бар немесе келешегі жоқ ауыл деп тану сияқты ауылдың тағдырына қатысты маңызды шешімдер көп жағдайда жергілікті мамандар мен тұрғындардың пікірлерін ескерместен, министрлік кабинеттерінде қабылданады,- деді Дариға Назарбаева.

Еске салсақ, қазір ауылдық елді мекендерде 7,7 миллион (ел тұрғындарының 42%) халық тұрады.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін