«Біздің ведомство құс етінен өзге, еттің барлық түрлері бойынша квота бөлудің тарихи қағидасынан бас тартып, ең алдымен отандық өңдеушілердің сұранысын қанағаттандыру туралы ұсыныс енгізді», — деп А.Мамытбеков бүгін Астанада селекторлық кеңесте атап көрсетті.
«Өңдеушілердің сұранысын толық қанағаттандырғаннан кейін трейдерлер арасында тарихи қағидамен бөлу қажет. Мұндай пікірді біз депутаттардың біразына айттық, олар қолдап отыр», — дейді ол.