Ауылды жаңғыртуға бағытталған үш жылдың алғашқы жылы табысты өтті - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауылды жаңғыртуға бағытталған үш жылдың алғашқы жылы табысты өтті - ҚР үкімет басшысы

Ауылды жаңғыртуға бағытталған үш жылдың алғашқы жылы табысты өтті - ҚР үкімет басшысы

Ауылды жаңғыртуға бағытталған үш жылдың алғашқы жылы табысты өтті. Бұл туралы бүгін, 6-қаңтарда тың және тыңайған жерлерді игерудің 50 жылдығына және агроөнеркәсіптік кешен мәселесіне орай Астанада өткен республикалық кеңесті ашқан ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Ақпан 2004
  • 598
Фото - Caravan.kz

Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың алғашқы жылының қорытындысы мен 2004-жылғы мақсаттар туралы ҚР үкімет басшысының орынбасары әрі ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов баяндады. Оның айтуынша, ауылшаруашылығы саласын дамыту бағытында жоспарланған барлық шаралар тұтастай алғанда орындалды. Қазақстанның заңдық базасын нығайту бағытында ауқымды жұмыстар тындырылды,- деді ол. Министр осы орайда Жер, Су және Орман Кодекстері, агроөнеркәсіптік кешен саласын реттеуге бағышталған басқа да заңдар мен құқықтық-нормативтік актілер қабылданды.

Оның айтуынша, ауылшаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау қаржысы мейлінше артты. 2003-жылы республикалық бюджетттен бұл мақсатқа 54,7 млрд. теңге бөлінді. Ал 2002-жылы бұл көрсеткіш 39,5 млрд. теңгені құраған болатын. Оның 10,7 млрд. теңгесі елімізде фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, маңызды минаралдық тыңайтқыштар, элиталық тұқымдар, су жеткізу қызметінің құнын арзандатуға жұмсалды. Сондай-ақ, 11,7 млрд. теңге лизинг бағдарламасына, ауылшаруашылығындағы маусымдық жұмыстарға, мемлекеттік қорға астық сатып алуға, ауылдағы несиелік серіктестіктер желісін дамытуға арналды.
«Ауыз су» бағдарламасын орындау бағытында да нақты жұмыстар тындырылды ,- деді А.Есімов. Бұл мақсатқа 5,6 млрд. теңге бөлініп, нәтижесінде 540 мың тұрғыны бар 204 елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалды.
Ауылшаруашылығы министрінің айтуынша, егін шаруашылығы саласында барлық дақыл түрлері бойынша өнім мөлшерін арттыруға жағдай жасалды. Мал басы 4 процентен 11 процентке дейін артты. Тиісінше мал шаруашылығының өнім мөлшері де арта түсті. Ауылшаруашылығы өнімін өңдеу кәсіпорындарының жалпы өнім мөлшері 15 процентке артты. Бұл саладағы экспорт ауқымы 36 процентке өсті. Сыртқы нарыққа 5,8 млн. тонна астық шығарылды. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болмақ, деді А.Есімов. Сондай-ақ, ол жаңадан 109 мың жұмыс орны құрылғанын хабарлады.
Дейтұрғанмен, баяндамада атап көрсетілгеніндей, агроөнеркәсіптік кешен саласында шешімін таппаған қат-қабат жұмыстар бар. Өндірістерді шоғырландыру процессі баяу жүргізілуде, барлық жерде бірдей технологиялық тәртіптер сақталмайды, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу деңгейі мен сапасы уақыт талабына сай келмей отыр. Ауылдың әлеуметтік дамуында да қиындықтар мол, деді А.Есімов. Оларды шешу үшін Елбасының жарлығымен ауылдық аумақтарды 2004-2010-жылдарға дейін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Ол ауылдық жерлерді кешенді дамытуға бағытталады. Ендігі жерде ауыл экономикасына жұмсалатын барлық қаржы бағдарлама талаптарына сай бөлінеді.
Кеңесте ауылды жаңғыртудың екінші жылында шешімін табуы тиіс негізгі мақсаттар, атап айтсақ, Жер кодексі тәртіптерін тұрғындарға түсіндіру, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, қазіргі заманғы технологиялаға көшу, аграрлық ғылымды дамыту, агроөнеркәсіптік кешенге арнап маман дайындау тәрізді мақсаттар айқындалады.

Соңғы жаңалықтар