Австралиядағы өрт: түтін Бразилияға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австралиядағы өрт: түтін Бразилияға жетті

Австралиядағы өрт: түтін Бразилияға жетті

Австралиядағы орман өртінің түтіні Тынық мұхиты мен Оңтүстік Америка құрлығын айналып Бразилияның оңтүстігіне жетті.

  • 8 Қаңтар 2020
  • 60
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Бразилияның MetSul жеке метеорологиялық компаниясы хабарлады.

Бұған дейін Австралияның өрті Чили мен Аргентинаға жеткені хабарланған. Түтін Чилидің оңтүстігіндегі және орталығындағы қалаларында байқалды.

Австралиядағы өрттен келген түтін бүгін таңертең Ливраментонада (Бразилияның оңтүстігіндегі Риу-Гранди-ду-Сул штаты) байқалды. 

Ешқандай бұлтты күн болмады, — деп жазды MetSul  Twitter парақшасында.

Түтін штаттың оңтүстік-батысындағы Уругваймен шекарада да байқалады. Компанияның хабарлауынша, түтін аса биіктікте болғандықтан адам денсаулығына зияны жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, Австралия астанасы Канберрада ормандағы өрт салдарынан ауа түтінге толды. Жергілікті билік тұрғындарды үйден шықпауға шақырған болатын. Сондай-ақ, Австралия билігі он мыңдаған түйені өлтіру жөнінде шешім шығарған болатын.


Соңғы жаңалықтар