Жарияланды: 40

Австралиядағы өрт: Жануарлардың жүзден астам түріне көмек қажет

Австралиядағы өрт: Жануарлардың жүзден астам түріне көмек қажет

Австралиядағы алапат өрттің салдарынан жануарлардың 113 түріне шұғыл көмек қажет.

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы хабарлайды qazaqstan.tv -ғе сілтеме жасап.

Атап айтқанда, құстардың 13 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 20 түрі, омыртқасыздардың 5 түрі, 19 сүтқоректілер, шаян тәрізділердің 22 және балықтың 17 түрі көмекке зәру. Олардың барлығы тіршілік ету ортасының кем дегенде 30%-ын жоғалтты.

Мамандардың айтуынша, өрттен, әсіресе, коала мен валлаби қатты зардап шеккен. Жалпы, тілсіз жау 1 млрд-тан астам жануардың өмірін жалмады. 

Ғалымдар кейбір жануарлар жойылып кетуі мүмкін деп дабыл қағып отыр. Өйткені олардың тіршілік ету ортасы түгел жойылған. Олардың қатарында солтүстік Корробори бақасы, су кесірткелері мен қалталы тышқандар бар.

Айта кетейік, Австралиядағы өрт аптап ыстықтың салдарынан қыркүйек айында басталды. Өрттен 27 адам қайтыс болды, мыңдаған үй жанып кетті. Алапат өрттен соң соңғы 20 жылда болмаған нөсер жауын құйды. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауында, табиғат апатынан 100 мыңнан астам адам жарықсыз қалып, жүздегені эвакуацияланған. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін