Австрия, Грузия және Украиналық байқаушылар парламент сайлауының барысына оң баға беруде - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австрия, Грузия және  Украиналық байқаушылар парламент сайлауының барысына оң баға беруде

Австрия, Грузия және Украиналық байқаушылар парламент сайлауының барысына оң баға беруде

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 тамыз. АСТАНА. Австрия, Грузия және Украиналық байқаушылар парламент сайлауының барысына оң баға беруде, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Тамыз 2007
  • 643
Фото - Caravan.kz

Бүгін аталған мемлекеттердің өкілдері Астанадағы №1 сайлау учаскесінде болды. «Біздің пайымдауымызша, сіздің елдегі сайлау тыныш әрі демократиялық ахуалда ашық өткізілуде», — деді Украинаның халықтық депутаты Владимир Толстенко. «Нәтижесінде барлық байқаушылар осындай деректі тіркейді деген пікірдеміз», — деді ол.

Австриялық байқаушы Неда Бергер де «сайлаудың ашық әрі жариялы, жоғары ұйымдастырушылық деңгейінде өтіп жатқандығын» тілге тиек етті.

«Парламент сайлауы тыныш әрі «ҚР Сайлау туралы» конституциялық заңының талаптарын сақатй отырып өткізілуде», — деді Грузия Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Эмзар Пажава.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті