"Автобус" жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 12 мыңнан астам әртүрлі тәртіп бұзушылақтар анықталған - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Автобус" жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 12 мыңнан астам әртүрлі тәртіп бұзушылақтар анықталған

"Автобус" жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 12 мыңнан астам әртүрлі тәртіп бұзушылақтар анықталған

АСТАНА. 30 - шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанда "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 12 мыңнан астам әртүрлі тәртіп бұзушылақтар анықталған.

  • 30 Шiлде 2007
  • 767
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы жұмада баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің басшысы Өмірзақ Түсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

«іс-шара барысында жолдардағы, автобус аялдамаларында, «Шеп» посттарында 2365 жолаушылар көлігін тексеру жұмыстары жүргізілген»,- деп нақтылап өтті Өмірзақ Түсімов.

Оның ақапараттарына сүйенсек, тексеру барысында автобусты мас күйінде жүргізген 122 жүргізуші ұсталған. «Мыңнан астам жүргізуші жылдамдық режимін бұзғаны үшін құрықталған»,- деді республиканың жол полициясының басшысы.

«Мемлекеттік техникалық жағдайын тексеруден өтпей қалалық тасымалдау қызметін көрсеткен 1139 автобус пен микроавтобусты пайдалануға тыйым салынды, 950 автобустарды заңсыз қайта жабдықтау анықталып, 206 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылған»,- деп қосты ол.

Сонымен қатар, Өмірзақ Түсімовтың мәліметтеріне сүйенсек, автобустарды пайдаланатып автокәсіпорындарда «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» заңын бұзған 846 дерек анықталған, атап айтқанда көліктің техникалық ахуалын бақылау ережесін бұзуға қатысты 371 дерек және жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзуға қатысты 116 дерек анықталған.

«Үстіміздегі жылдың 6 айында автобус жүргізушілерінің кінәсінан 178 жол-көлік оқиғасы болып, 52 адам қайтыс болса, 212 адам жарақаттанған. Ал, өткен жылдың осы мерзімінде 179 жол-көлік оқиғасы болып, 35 адам көз жұмған және 213 адам жарақат алған»,- деп қорытындылады Өмірзақ Түсімов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті