Автокредит бағдарламасына бюджеттен қосымша қаржы бөліне ме – министр жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Автокредит бағдарламасына бюджеттен қосымша қаржы бөліне ме – министр жауап берді

Автокредит бағдарламасына бюджеттен қосымша қаржы бөліне ме – министр жауап берді

Қазір республикалық бюджеттен осы бағдарламаға бір тиын да жұмсалып жатқан жоқ

  • 19 Мамыр 2022
  • 64
Фото - Caravan.kz

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жеңілдетілген автокредит бағдарламасына бюджеттен қосымша ақша бөлу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымды даму вице-министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автокредит бағдарламасына тағы бюджеттік қаржы бөлу мәселесі қаралып жатқанын айтқан.

"Біз қазір мына 100 миллиардтан басқа республикалық бюджеттен қосымша ақша бөлеміз бе деп отырмыз. Біздің қаржылық-экономикалық негіздемеміз бойынша 150 миллиард болып тұр. Оны жыл сайын 30 миллиардтан бөлеміз деген ой бар. Бірақ ол ақшаны бере ме, бермей ме, әзірге белгісіз", — деді Қарабаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.


Ал қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ондай өтінім әлі түспегенін жеткізді.

"Қазір республикалық бюджеттен осы бағдарламаға бір тиын да жұмсалып жатқан жоқ. Барлығы — бұрынғы Оператор РОП-та жиналған ақша. Соны бұрып жатырмыз. Ал республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу туралы өтінім түскен жоқ", — деді Жамаубаев.

Айта кетері, осы аптаның басында Қазақстанда жаңа автокредит бағдарламасы іске қосылды. Бірақ бұрынғы бағдарлама бойынша жеңілдетілген кредиттер де беріледі.

Соңғы жаңалықтар