Аяғы ауыр әйелдер мобильдік қосымша арқылы қаралатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аяғы ауыр әйелдер мобильдік қосымша арқылы қаралатын болды

Аяғы ауыр әйелдер мобильдік қосымша арқылы қаралатын болды

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қарағанды облысында енгізіліп жатқан телемедицина саласындағы қанатқақты жоба туралы айтып берді

"Бұдан бұрын телемедицина саласында дәрігер мен дәрігер байланысатын болса, қазір технологиялар кеңейтіліп, пациент пен дәрігер тікелей байланысатын болды.

  • 9 Маусым 2017
  • 291
Фото - Caravan.kz


Қарағанды облысында қанатқақты жобамыз бар. Барлық аяғы ауыр әйелдің тегін мобильдік қосымшасы болады. Сол арқылы дәрігерінен, учаскелік терапевтен, акушер-гинекологтан кеңес алып, қаралу күнін белгілеп, диета бойынша сұрақтар қоя алады", — деді Біртанов Денсаулық сақтау министрлігі коллегиясының отырысында.

Бұдан бөлек, екі жасқа дейінгі балаларды қарауға арналған мобильдік қосымша жасалып жатыр, оны 2017 жылдың соңында таныстыру жоспарда бар.

 

Соңғы жаңалықтар