Жарияланды: 30

Аяғын жұлып кеткен: Алматыда көлік мінген мас жүргізуші аялдамадағы әйелді қақты

Аяғын жұлып кеткен: Алматыда көлік мінген мас жүргізуші аялдамадағы әйелді қақты

Алматыда мас жүргізуші аялдамада тұрған әйелді қағып кетті.

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, оқыс оқиға таңғы 7-де Алмалы ауданында орын алған.

«Форд Транзит» автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде Мақатаев көшесімен келе жатқанда көлік тізгініне ие бола алмай, автобус аялдамасына барып соғылған.

Көлік соққысынан яялдамада тұрған 61 жастағы әйелдің аяғы жұлынып кеткен. Ал темір тұлпардың өзі болса сол маңайдағы «Тойота Камри» көлігін соғып барып аударылып кетіпті.

Әйел адам шұғыл ауруханаға жеткізіліпті. Дәрігерлер оның жансақтау бөлімінде жатқандығын, жағдайы ауыр екендігін айтып өтті. Зардап шеккен әйелге аяқтарының ампутациясы, оң иық сүйегінің сынуы, травматикалық есеңгіреу диагнозы қойылыпты. Бұл туралы жедел медициналық жәрдем ауруханасының қызметкерлері хабарлады. Басқа жапа шеккендер жоқ.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін