Аю ерлі-зайыптыларға шабуыл жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аю ерлі-зайыптыларға шабуыл жасады

Аю ерлі-зайыптыларға шабуыл жасады

РФ Томск облысының солтүстігіндегі Стрежевой қаласының әуежайында итімен серуендеп жүрген ерлі-зайыптыларға аю шабуыл жасады. 

  • 22 Қыркүйек 2014
  • 392
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ИТАР-ТАСС-қа дүйсенбі күні Александров ауданы бойынша жануарлар әлемі нысандарын және оны пайдалануды бақылау бөлімінің жетекші маманы Виктор Иванов хабарлады.

«Ері мен әйелі иттерін қыдыртып жүрген. Кенеттен аяқ астынан шыға келген аю әйелге бас салып, ауыр жаралаған, — деді ол. Жыртқышты кейіннен атып тастады.

Мамандар аюдың шабуылдауына не итермелегенін анықтауда.