Азамат Есқараев Әділет министрі лауазымына қайта тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азамат Есқараев Әділет министрі лауазымына қайта тағайындалды

Азамат Есқараев Әділет министрі лауазымына қайта тағайындалды

Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

  • 4 Сәуiр 2023
  • 6
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды», — деп жазылған құжатта.

Айта кетейік, Есқараев Азамат Несіпбайұлы 1979 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келді.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласындағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастады.

2000-2002 жж. – РК Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бас маманы.

2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінде бөлім басшысы; басқарма басшысы.

2003-2005 жж. – ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің басшысы.

2005-2006 жж. – Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы.

2006-2007 жж. – «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметтері департаментінің бас менеджері.

2007 жж. – ҚР Әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты; Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы.


2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің көмекшісі.

2008-2009 жж. – ҚР Әділет министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры

2009-2014 жж. – ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры.

2014-2019 жж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылғы маусымнан 2023 жылғы қаңтарға дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі.

Биылғы қаңтардың басында Әділет министрі қызметіне тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар