"Азамат Қалымбетовтың туған қарындасы, жылап көрістік": БҚО-да бірнеше жігіт зорлаған Наташа Қалымбетова туралы тағы бір шындық шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 484.78
  • 558.66
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Азамат Қалымбетовтың туған қарындасы, жылап көрістік": БҚО-да бірнеше жігіт зорлаған Наташа Қалымбетова туралы тағы бір шындық шықты

"Азамат Қалымбетовтың туған қарындасы, жылап көрістік": БҚО-да бірнеше жігіт зорлаған Наташа Қалымбетова туралы тағы бір шындық шықты

Танымал журналист Дана Нұржігіт 90 жылдары БҚО-да бірнеше жігіт зорлаған Наташа Қалымбетова туралы тағы бір шындықтың бетін ашты.

  • 9 Маусым
  • 13
Фото: Instagram/dana_nurzhigit

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Тележурналистің айтуынша, 90 жылдары бірнеше жігіт жабылып зорлаған келіншек марқұм Азамат Қалымбетовтың қарындасы болып шыққан.

«Наташа Қалымбетова. Бірнеше күннен бері осыдан 32 жыл бұрын бір топ айуанның қолына түсіп зорланған, аяғы ауыр болып,дүниеге келген баласынан көз жазып қалған ана біздің марқұм әріптесіміз Азамат Қалымбетовтың туған қарындасы екенін кеше білдім. Білдім де “аһ” ұрдым! 

Бұл мәліметті маған жеткізген радиодағы әріптесім @zhanarorazymbet рақмет! Мен Наташаға бірден хабарласып,бүгін жылап көрістік! Наташаны Азамат хәл үстінде жатқанда ғана біліп,естігенім болмаса,бір-бірімізді көрген адамдар емеспіз. Осындайда қолдап,қасынан табылғанды жөн көрдім. Кешке “Dana soz” YouTube арнама подкастымыз шығады», — деп жазды ол.