Азат Перуашев жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңеске жетекшілік ететін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азат Перуашев жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңеске жетекшілік ететін болды

Азат Перуашев жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңеске жетекшілік ететін болды

«Ақ жол» партиясы жетекшісі, мәжіліс депутаты Азат Перуашев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі кеңеске жетекшілік ететін болды.

  • 15 Сәуiр 2014
  • 387
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы сейсенбі күні партияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеңес жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі міндеттерді шұғыл әрі жүйелі түрде шешу және күрделі проблемаларды жария ету мақсатында құрылып отыр.

Азаматтардың өтініштері негізінде және мәліметтерді өз бетінше мониторингтен өткізу арқылы жұмыс істейтін кеңеске мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтар мен БАҚ өкілдері мүше болды.