«Одесса-Броды құбырына үшінші елдердің мұнайын тарту олардың егеменді құқығы және біздің қолымыздан келетіні әрі ұдайы констуктивті қарайтын қадамымыз — бұл өз қолымызда бар инфрақұрылымды беру. Бүгінгі Әзербайжынның мұнай және газ тасымалду инфрақұрылымы бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі ең заманауи инфрақұрылым, себебі біздің мұнай және газ құбырларымыз пайдалануға өткен жылы ғана енгізілген. Біздің Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы достарымыз жобаға қосылуға ниет танытса, біз өзіміздің инфрақұрылымымызды олардың пайдалануына толық ұсына аламыз»,- деді Ильхам Әлиев.
Ильхам Әлиев, сондай-ақ, Әзербайжанда Одесса-Броды-Гданьск құбырын толтыратын қор бар екендігін атап өтті.
«Әзербайжанда қор жеткілікті. Азери-Чираг-Гюнешли кеніндегі қор 1,2 млрд тоннаны құрайды және біз қажетті мөлшерде мұнай өндіре аламыз. Әзербайжан ірі мұнай өндірушіге айналып барады. Келесі жылы мұнай шығару ең кемінде 50 млн тоннаны құрайды, ал 2010 жылы қажет болған жағдайда біздің мұнай шығаруды 65 млн тоннаға дейін өсіре алатын мүмкіндігіміз бар»,- деді Ильхам Әлиев.
Ол Әзербайжанда «Одесса-Броды-Гданьск мұнай құбыры» нәр алатын Қара теңіз бассейніне Әзербайжан мұнайын тасымалдайтын Баку-Супса және Баку-Новороссийск бағытындағы екі құбыр бар екендігін атап көрсетті.
Ильхам Әлиевтің айтуынша, 2007 жылдың мамырында өткен Краковтағы энергетикалық саммитте Одесса-Броды-Гданьск жобасын қолдау туралы саяси шешім қабылданып, жұмыс тобы құрылған. «Біз күзде Литвада жоспарланып отырған келесі саммитте күн тәртібі бойынша жұмыс тобынан нақты ұсыныс аламыз деген үміттеміз. Басқаша айтқанда, біз біз бұл мәселеге практикалық көз қараспен қарап, өзіміздің келесі қадамдарымызды анықтап, оны жүзеге асырамыз»,- деді Ильхам Әлиев.
Украина, Әзербайжан, Грузия, Литва, Польшаның президенттері мен Қазақстанның өкілі Краковта 11-мамырда өткен бейресми саммиттің нәтижесі бойынша энергетикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша коммюникеге қол қойған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті