Әзербайжан Каспийге дейін жаңа каналдар салуға инвестиция жұмсамайды - Көлік министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан Каспийге дейін  жаңа каналдар салуға  инвестиция жұмсамайды - Көлік министрлігі

Әзербайжан Каспийге дейін жаңа каналдар салуға инвестиция жұмсамайды - Көлік министрлігі

БАКУ. 19 - маусым. Kazakhstan Today. Әзербайжан Каспийге дейін жаңа каналдар салуға инвестиция жұмсауға ниет танытып отырған жоқ, деп хабарлады журналистерге Әзербайжанның Көлік министрі Зия Мамедов Қазақстанның Каспийден Қара теңізге дейінгі "Еуразия" кеме қатынасы каналының құрылыс жобасы мен Ресей Федерациясы ұсынған екінші Волга - Дон каналын салу жобасына елдің қатысу мүмкіндігіне берген түсініктемесінде.

  • 19 Маусым 2007
  • 593
Фото - Caravan.kz

«Әзербайжан бұл жобалардың жүзеге асырылуын қолдайды, жаңа көлік дәліздерінің болуы кез-келген жағдайда тиімді, ең бастысы — олардың бәсекелестікке қабілетті болуы. Оларға Әзербайжанның қатысуына келетін болсақ, бұл жүкті тасымалдау түрінде ғана бомақ, біз оларды жүзеге асыруға қаржы салу ниетін танытпаймыз»,- деді министр.

Ресей президенті Владимир Путин үстіміздегі жылдың сәуірінде Федералдық кеңеске жолдаған жыл сайынғы жолдауында Волга-Дон каналының екінші желісін салу жөніндегі халықаралық консорциум құруды ұсынған болатын. Бұл «Каспий мен Қара теңіз арасындағы кеме қатынасын түбегейлі жақсартуға мүмкіндік береді».

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылдың 10-маусымында Санкт-Петербургте өткен экономикалық форум барысында Каспийден Қара теңізге дейінгі «Еуразия» кеме қатынасы каналын салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынған, «ол который Волга -Дон каналынан 1000 шақырымға қысқа болып, Орталық Азияның Ресей арқылы теңіздерге шығуына арналған қуатты дәлізге айналар еді»,- деді ол. Бұл жобаға салынатын инвестиция 6 млрд АҚШ долларына бағаланып отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті