Жарияланды: 440

Әзербайжан президенті өзінің Қазақстанға жасап қайтқан сапарының қорытындысына қанағаттанады

Әзербайжан президенті өзінің Қазақстанға жасап қайтқан сапарының қорытындысына қанағаттанады. Бұл туралы мемлекет басшысы журналистермен сұхбатта атап көрсетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бакуден.

И.Әлиевтің айтуынша, тараптар Әзербайжан-Қазақстан қарым-қатынасына қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы бойынша пікір алмасып, энергетикалық жобаларды жүзеге асыру перспективалары туралы талқылаған. И.Әлиевтің айтуынша, әңгімеге арқау болған барлық мәселелер бойынша Әзербайжан мен Қазақстанның ұстанымы бір жерден шығады. Биылғы жылы Каспийді қоршай орналасқан мемлекеттердің президенттерінің бас қосуын өткізу туралы идеяға түсініктеме берген Әзербайжан президенті "ондай қажеттілік шамалы" деп атап көрсетті. Президенттің пікірінше, дәл қазіргі кезеңде бұл жұмысты сарапшылық топтар деңгейінде жалғастыра берген жөн. И.Әлиевтің пайымдауынша, Әзербайжан-Қазақстан-Ресей арасындағы үш жақты мәміле Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бойынша бес жақты келісімге қол жеткізуге арқау болуы тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін